print

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

...

Бүгін Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың төрағалығымен және аудандық орталық аурухана КМК директорының орынбасары Д.Нұртаевтың ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңына сәйкес, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпараттық - түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өтті. Кездесуге ауданға қарасты елді мекендер мен ауылдық округтердің әкімдері қатысып, аталмыш жүйе бойынша сұрақтарын қойды. Айта кетейік, МӘМС жүйесі Қазақстан бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін болса, біздің облысымызда биылғы жылдың 1 қыркүйек айынан бастап енгізілетін пилоттық жоба. Бұл жүйеге кіру арқылы әр азамат өзіне медициналық тұрғыда көмек алуға мүмкіндік алады. Және де қандай да болмасын жұмыс беруші тарап жұмыс алушы азаматты осы жүйеге кіргізуге міндетті. Кездесу барысында аудан әкімі ірі ауылдық округтер мен кент әкімдеріне аталмыш жүйе туралы ақпарат таратуда жергілікті медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге Д.Нұртаев жуық аралықта ауданға қарасты елді - мекендерге жұмыс тобымен арнайы барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.


Количество посещений: 421


Наверх